Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген он жобаның бірі – «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын жүзеге асыруды көздеген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің тапсырмасына сәйкес Түркістан облысы Полиция департаментінде жедел уәкілдердің қатысуымен «Үздік жедел уәкіл» кәсіби-шеберлік конкурсы ұйымдастырылды. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталмыш байқауда жедел уәкілдер төрт сайыстан тұратын сынақтан өтті. Атап айтсақ, бірінші кезең кәсіби білім деңгейі (Қазақстан Республикасы Заңдары бойынша тест), екінші кезең атыс қаруынан нысанаға дәл тигізу деңгейі, үшінші кезең спорттық деңгейі (100 метр, 1000 метр жүгіру, турник немесе бруссия тартылу) болды. Ал соңғы кезеңде полицейлер жедел қызметтің жұмысын регламенттейтін заңдар, бұйрықтар бойынша тесттен өткізілді.
Жоғарыда көрсетілген сынақтарды тапсыруда жедел қызметкерлердің, білімі мен дағдылары, олардың табандылығы, адалдығы, батылдығы мен қылмысқа қарсы күрестегі шұғыл тапқырлығы ерекше сынға түсті. Комиссия шешімімен жедел уәкілдердің арасында ең жоғары көрсеткішке қол жеткізген полицейлер анықталды. Нәтижесінде «Ең үздік жедел уәкіл» болып Түркістан облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Жамбыл Жандаров атанды. Одан кейінгі екінші орынды Отырар аудандық полиция бөлімінің Криминалды полиция бөлімшесінің жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Батырбек Махатов иеленді. Ал үшінші орынды Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің Криминалды полиция бөлімшесінің жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Шыңғыс Қайратұлы алды.
Ендігі кезекте Полици департаментінің «Үздік жедел уәкіл» номинациясының жеңімпазы желтоқсан айында Астана қаласында өтетін Ішкі істер министірлігінің «Үздік жедел уәкілі» конкурсына қатысып, Түркістан облысы Полиция департаментінің намысын қорғауға баратын болады. Ендеше, киелі өңір полицейі Жамбыл Жандаровқа сәттілік тілейміз! Бұл байқау жедел-іздестіру қызметін одан әрі дамытуға және жедел уәкілдердің кәсіби шеберлігін арттыруға ықпал етеді. Жалпы қызметтік борышын адал атқару үшін әрбір полицей тәжірибесі мол, білімді болуы тиіс.