Құрылыс бұйымдарын ұрлап ұсталды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген он жобаның бірі – «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын жүзеге асыруды көздеген Түркістан облысының полицейлері құрылысы бітпеген үйге ұрлыққа түскен ер адамды анықтады. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленуші азаматтың айтуынша, оның құрылыс жұмыстары бітпеген үйіне ұры түскен. Яғни, үйдің есігін белгісіз біреу бұзып, ішінде тұрған цемент араластыратын (миксер) техникасын жымқырып кеткен. Шығын көлемі 270 мың теңгені құрайды. Аталған жайт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді.

Орын алған ұрлық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында, тәртіп сақшылары бірден іске кірісті. Нәтижесінде күдікті ер адам тәулік ішінде анықталды. Тексеру кезінде күдікті ұрлап алған құрылғыны 50 мың теңгеге бас пайдасының қажеттілігіне сатып жібергені анықталды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері ұрлық қылмысының алдын алу үшін, үйге, сауда орындарына, қоймаларға, ғимараттарға бейнебақылау камераларын орнату қажеттігін ескертеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер