Ұрлық жасаған қонақ ұсталды

329752b0a56a22bbb445a9aefd158b6ceac14eaf.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген он жобаның бірі – «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын жүзеге асыруды көздеген Түркістан облысының полицейлері мейрамханаға қонақ болып келіп, ұялы телефон ұрлаған егде жастағы әйелді анықтады. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сайрам аудандық полиция бөліміне мейрамхана даяшысы өзінің ұялы телефонының ұрланғанын жеткізген. Жәбірленушінің айтуынша, аудан орталығындағы мейрамхана үстелінен «Redmi» маркалы ұялы телефонын белгісіз біреулер алып кеткен. Полиция қызметкерлері аталған жайтты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодеексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеді. Бұл ұрлық қылмысын ашу мақсатында полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Жан-жақты тексеру жұмыстарын жүзеге асыру үшін ақпарат көздеріне сүйенді. Соның нәтижесінде күдікті егде жастағы әйел анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Белгілі болғандай күдікті әйел мейрамханаға қонақ ретінде келген. Содан қараусыз тұрған ұялы телефонды көріп жымқырған. Айғақты зат ретінде ұялы телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуды және ұялы телефондарды қараусыз қалдырмауды ескертеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Нұралхан Көшеров: Әрбір жоба –халықтың әл-ауқатын арттыруға қосылған үлес
  • Түркістанның әлеуеті қытай инвесторларына таныстырылды
  • Корея мен Түркістан арасындағы әріптестік тереңдеп келеді
  • Түркістан: Төлебиде өндірістің қарқыны жоғары
  • Туризм саласына салынған әрбір инвестиция—жұмыс орны
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер