Қызыл кітапқа енген аңды аулауға болмайды!

440px-Desert_Bighorn_Sheep_Joshua_Tree_cropped.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген он жобаның бірі – «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын жүзеге асыруды көздеген Түркістан облысының полицейлері Қызыл кітапқа енген тау арқарын ұстап, сойып алған тұрғынды анықтады. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Экологиялық қылмыстардың алдын алу жөніндегі «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында, Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тұрғыннан арқар етін тапты.

Нақтырақ айтсақ, Бәйдібек ауданы Табиғатты қорғау тобының инспекторы полиция капитаны Алмас Серіков, күнделікті жұмысын атқару кезінде, таулы аймақта атты ер адамды байқап, оны тоқтатып не мақсатпен жүргенін сұрастырады. Сондай-ақ тұрғынның өзімен бірге алып келе жатқан қапқа көзі түсіп, күмәнданған полицей тексереді. Осы кезде қап ішінен белгісіз аңның жаңа сойылған еті табылып, тәркіленіп алынды. Сараптама тағайындалды.

Тәртіп сақшылары сезікті жас жігіттен жауап алу барысында, ол қаптағы ет арқардың еті екенін, оны ұстаған кезін өз ұялы телефонына түсіріп алғанын жеткізді. Анықталғандай, мал бағып жүрген жас жігіт өзінің иттерімен бірге арқарды ұстап алған. Бұдан кейін аталмыш жануарды сойып алып, қайтып келе жатқанында полицейге ұсталған.

Қазіргі уақытта аталған жайт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы «Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану» бойынша тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысының полиция қызметкерлері азаматтарға Қазақстан Республикасының "Қызыл кітабына" енгізілген сирек кездесетін жануарларға байланысты қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын қатаң ескертеді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер