Түркістан полициясына су жаңа 252 көлік табыс етілді

315058242_1512194972589519_8731257134093611387_n.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген он жобаның бірі – «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын жүзеге асыру мақсатында түркістандық полицейлерге 250-ден астам жаңа қызметтік көліктер берілді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан полициясының 30 жылдығы қарсаңында Түркістан облысы Полиция департаменті жаңа көліктермен толықты. Түркістан қаласындағы тікұшақ алаңында өткен салтанатты шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов қатысты. Бұл шарада полиция қызметкерлеріне жаңа қызметтік көліктердің кілті табысталды.

315095335_1512195235922826_7025592399398707065_n.jpg

Атап айтсақ, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен жергілікті әкімдіктің қолдауымен өңірдің патрульдік полиция қызметкерлері - 94 бірлік, учаскелік полиция инспекторлары - 64 бірлік, уақытша ұстау изоляторы - 12 бірлік, аудандардың тергеу бөлімі - 17 бірлік, кезекші бөлімдер - 20 бірлік қызметтік автокөлікпен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ қала, аудандарға автобустар мен автозактар үлестірілді. Жалпы жыл басынан бастап бүгінгі күнге дейін сақшылар үшін берілген жаңа көліктердің саны – 252. Тәртіп сақшыларына берілген темір тұлпарлар тұтастай заманауи құралдармен жабдықталған.

315124022_1512195162589500_7207910798393751991_n.jpg

Дыбыс күшейткіш қондырғысы мен рациясы бар. JPS жүйесі арқылы көліктердің қай бағытта жүргені орталықтан бақыланады. Салтанатты шарада облыс әкімі Полиция департаменті бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында тиімді шаралар қабылданғанын атап өтіп, құттықтау сөзін сөйледі.

– Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан бүгінгі таңда полиция қызметкерлерінің халыққа сапалы қызмет көрсетуіне қолдау жасалуда. Департамент жаңа ғимараты салынып, осы жылдың желтоқсанында пайдалануға берілуде. Ал бүгін тапсырылатын автокөліктер полиция қызметкерлеріне қылмыспен күресті қарқынды жалғастыруға септігін тигізіп, жұмыс сапасын одан әрі арттыра түседі деп сенемін!–деді облыс әкімі.

Шараны қорытындылаған облыстың бас полицейі Мұрта Қабденов «Полиция қызметкерлерін материалдық-техникалық жабдықтау – қылмыстың санын азайтуға септігін тигізуде. Осы ретте алдағы уақытта Президент пен Ішкі істер министрінің тапсырмалары мен нұсқауларын орындауға сенім білдіремін. Сервистік полицияны жүзеге асырып, жұртқа жақын болу мақсатындағы жұмыстар одан әрі жанданатын болады»,– деп түйіндеді. Салтанатты рәсім жаңа техниканың шеруі және жеке құрамның саптық байқауымен аяқталды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер