Оқушыларға қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

314527340_1512059032603113_1425899475005018291_n.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген он жобаның бірі – «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын жүзеге асыруды көздеген Түркістан облысының полициясы Жетісай қаласында жасөспірімдерге «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» тақырыбында арнайы дәріс өтті.

Жетісай аудандық полиция бөлімінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Жанна Шалбекованың ұйымдастыруымен, аудан жөсөспірімдеріне әйелдерге және балаларға жасалынатын зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында арнайы сабақтар өткізілуде. Шараның негізгі мақсаты – отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар аясында жасалынатын зорлық-зомбылықтың тәсілін және әдісін, сондай-ақ, оның себептері мен жағдайларын анықтау және ерте жүктіліктің алдын алу.

Іс-шараға аймақ мектептерінің 7-11 сынып оқушылары қатыстырылуда. Дәріс барысында инспектор Ж.Шалбекова, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды ақпарат беріп, қыз балалардың тәлім-тәрбиесі, өз құқығын қорғай білуі керектігін жеткізді. Сондай-ақ қандай да бір құқық бұзушылық жайты орын алған жағдайда, арнайы сенім телефондары мен полицияға хабарласулары қажеттігі ескертілді. Өз кезегінде жасөспірімдер полицейлер ұйымдастырған сабақ, ондағы айтылған құнды ақпараттар, мен ақыл-кеңестер үшін алғыстарын білдірді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер