Бұрын сотталған адамнан 2 келіден көп марихуана тәркіленді

314343468_1509974706144879_832281048769688159_n.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген он жобаның бірі – «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын жүзеге асыруды көздеген Түркістан облысының полицейлері бұрын сотты болған ер адамнан 2 келіден астам марихуана тәркіледі.

Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына жергілікті тұрғынның бірі есірткі сақтайды деген хабарлама келіп түсті. Осы жайт бойынша полицейлер бірден жедел-іздестіру шараларын жүргізді, ақпарат жинақтады. Нәтижесінде күдікті ретінде бұрын сотты болған Сарыағаш ауданының тұрғынын ұстады.

Күдіктінің үйіне тінту жүргізілді. Нәтижесінде оның үйінде ірі көлемде есірткі сақтағаны расталды. Ер адамның ауласында орналасқан сарайдан 4 дана газет орамасына салынған есірткі тұқымдары мен 2 газет орамасында есірткіге ұқсас зат анықталды. Сондай-ақ тағы да марихуанаға ұқсас заты бар бір картон қорап пен қапқа салынған зат табылды. Одан бөлек үйдің жертөлесінен 0,5 литрлік шыны ыдысқа салынған, полиэтилен пакетке оралған және 2 дана темекі өнімдері, ішінде марихуанаға ұқсас зат алынды. Жергілікті тұрғыннан аталған айғақты заттар тәркіленіп, сараптамаға жолданды.

Сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың 2 келіден асатын «кептірілген марихуана» екендігі анықталды.

Сарыағаш аудандық полиция бөлімімен бұл жайт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Қазіргі таңда күдікті ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында күдікті есірткі затын өзі егіп, өсіргенін жеткізді. Бүгінде полицейлермен оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткі заттарын сақтау және оның заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік барын еске салады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер