Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген он жобаның бірі – «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын жүзеге асыруды көздеген Түркістан облысының полициясы Түркістан қаласында «Сіздің жолаушыңыз – бала» акциясы өткізді.
«Қауіпсіз жол жүрісі апталығы» аясында облыс орталығының полицейлері «Сіздің жолаушыңыз – бала» акциясының басты мақсаты – балаларды автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде қажетті құрылғыларды пайдалану қажеттілігі туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жол-көлік жарақатының алдын алу, жолын кесу.
Іс-шара барысында Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері халық арасында, оның ішінде "Жолаушы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 30 және "ТехАвтоПром" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 14 қоғамдық жүргізушілеріне жол қозғалысы ережесін қатаң сақтап, балалардың қауіпсіздігін басты орынға қоюды түсіндірді. Және жүргізушілерге ескертпе қағаздарын таратты.
Іс-шараның маңыздылығын жіті түсінген жүргізушілер, қауіпсіздік шараларын ұстанатынын жеткізіп, полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.
Сонымен қатар полицейлер білім ошақтарына барып, бастауыш сынып пен жоғары сынып оқушыларына “балалардың жолдағы қауіпсіздігі” бойынша арнайы дәрістер өткізді.