Жоғалған малдарды тауып иелеріне қайтарды

1503.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген он жобаның бірі – «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын жүзеге асыруды көздеген Түркістан облысының полицейлері бір күнде жоғалған бірнеше малды тауып, иелеріне қайтарды.

Сайрам аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, жайылымға жіберген сегіз бас жылқысы белгісіз жағдайда жоғалған. Яғни, таңертеңгісін Ақсукент ауылының егістік алқабына шығарған жылқылары, қалаға барып келгенінде жоқ болған. Полицейлер ақпарат алысымен бірден әрекет етіп, тұрғынның малдарын табуға кірісті. Оқиға орнын қарап, жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді.

Жедел уәкілдер мен учаскелік полиция инспекторлары жол талғамайтын екі көлікпен мұқият айналаны қарап шықты. Сондай-ақ егістік алқабының әрбір аймағын жаяу, батпақ кешіп тыңғылықты тексерді. Нәтижесінде үш сағат ішінде 10 шақырым қашықтықта жайылып жүрген сегіз бас жылқы табылып, өз иесіне қайтарылды. Өз кезегінде тұрғын полицейлердің жедел әрекетіне тәнті болып, шынайы алғысын білдірді.

Мұндай жағдай, Мақтаарал ауданында да орын алды. Нақтырақ айтсақ, Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің 102 сымтетігіне жергілікті тұрғын арызданып, өз үйінің ауласында орналасқан мал қорасынан бір бас сиыры мен бұзауы белгісіз жағдайда шығып кетіп, жоғалғанын хабарлады.

1504.jpg

Мақтааралдық учаскелік полиция инспекторлары аталған хабарлама бойынша тиісті жұмыстарды атқарды. Оқиға орнын мұқият қарап, шұғыл іздестіру шараларына кірісті. Нәтижесінде егістік алқаптан тұрғынның екі бас малы жайылып жүргенін анықтап, үй жануарларын иесіне табыстады.

Осы тұста мақтааралдық тұрғын жоғалған малдарын тауып беріп, аман-сау қайтарған полиция қызметкерлеріне алғысын айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болу және малдарын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Мал ұрланған немесе жоғалған жағдайда, өз бетінше іздеуге уақыт жоғалтпай, дереу полицияға хабарласыңыздар.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер