Тәуелсіз елдің тіректері

50.jpg

Ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы тағатсыздана тосып, армандаған тәуелсіздікке қол жеткізілген 1991 жылдан кейінгі 1992-1993 жылдар еліміздің тарихында алтын әріппен жазылатындай ерекше елеулі оқиғаларға толы болды. 1992 жылғы 7 мамырда Қазақстанның Қарулы күштері құрылып, бұл күн бұрынғы Кеңес Одағының әскері мен әскери күні деп мерекеленетін 23 ақпанның орнын алмастырды.

Ия, тәуелсіз елімізге тірек болу, оның шекарасы мен тыныштығын кірпік қақпай күзету елжанды әрбір азаматтың қастерлі де қасиетті борышы. Елімізде әр жыл сайын көктемде және күзде осындай қасиетті азаматтық борыштарын өтеуге тиісті жастарды салтанатты жағдайда әскер қатарына шығарып салу рәсімі өтіп жатады.

Дәл осындай игілікті іс-шара Отырар аудандық Мәдениет сарайының кең залында ортаға ту әкелініп, мемлекеттік әнұранның асқақ әуені шырқалынған жағдайда аталып өтті. Шарада аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов пен облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары, тәрбие-идеологиялық және әскери жұмыстар басқармасының бастығы, подполковник Жандос Күлдербаевтарқұттықтау сөз айтып, әскер қатарына аттанғалы отырған ел тірегі жастарға ақ жол, сәтті сапар тіледі. 

Жиында еліміздің Қарулы күштерінің қатарын отырарлық жастармен толықтыруда елеулі еңбек сіңіріп жүрген Айдос Құлмаханұлы облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің Алғыс хатымен марапатталса, аудан әкімі Сәкен Сұлтанхановтың атынан әкімнің орынбасары бір топ лайықты азаматтарға Алғыс хаттар табыстады.

Ер жігіттерді әскер қатарына шығарып салу жиынында сондай-ақ ауған соғысының ардагері, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің директоры Жангелді Махашов сөз алып, ізгі ниетті жылы лебізін білдіріп, ауған соғысының белсенді қатысушысы, генерал-лейтенант, Халық қаһарманы Бақытжан Ертаевтың Алғыс хаттарын тапсырды.

«Қазақтың жігіттері», «Қазақстан», «Сарбаздар маршы» секілді қанды қыздырып, намыс пен жігерді жанитын асқақ үнді патриоттық әндер шырқалған басқосуда аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзабай Өксікбаев болашақ сарбаздарға мағыналы да мәнді сөздері арқылы сәттілік тіледі. Салтанатты жиында «Айбынды жастар жаңа Қазақстанның тірегі» атты тақырып аясында арнайы бейнебаян көрсетіліп, автоматты шашып, шапшаңдықпен қайта жинап, құрастырудан көріністер корсетілді. Сөйтіп мағыналы жиын ойдағыдай қорытындыланды.

Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер