Түркістан жасыл қалаға айналып келеді

12.jpg

Түркістан қаласында күннен-күнге көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүріп келеді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

2022 жылдың күз мезгілінде көгалдандыру бойынша 120 мыңнан асатын түрлі интродукцияланған, климатқа төзімді ағаш көшеттерін отырғызу жоспарлануда. Оның ішінде мыңнан астамы жеміс ағашы болады. Қазіргі таңда Түркістандағы көгал аумағы 2,5 млн. шаршы метрге жетті. 70 мың шаршы метрге түрлі гүлдер егілген. Ал ағаш 700 мың түпке жеткен. 

Күздік маусымда «Отырар» ықшамауданына – 29 мың, әкімшілік-іскерлік орталық аумағында және жаңа қалада 32 мың, әуежай жолы бойына – 13 мыңнан астам көшет егіледі деп көзделуде. Сонымен қатар Б.Саттарханов даңғылы, «Денсаулық» саябағы, Шекті Тілеу, Баялиев, «Фараб» кітапханасының маңайы мен Кентау тас жолы, Майкотов және айналма жол бойын көгалдандыру қолға алынады. 

Қаланы көгалдандыру бойынша Түркістан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан да қолдау көрсетілуде. Қалада егілген ағаштардың басым бөлігін қысқа қарағаш, айлант, ірі жапырақты қарағаш, үйеңкі, ясень, тұт ағашы, форзиция, аморфа, богрянник, қарағай, айва, сириялық раушан, сирень, боз арша, акация, софора, форзиция, алма, терек және өзге де ағаштар құрайды. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер