Түркістан театрында жаңа премьера

13.jpg

Түркістан музыкалық драма театрының қоржыны тағы бір тамаша туындымен толықты. 12-13 қараша күндері Түркістан музыкалық драма театры жас драматург Алмас Нүсіптің пьесасына қойылған «Мағжан» спектаклінің премьерасын көрерменге ұсынды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Мағжан» қойылымының идея авторы – Айнұр Көпбассарова, Түркістан музыкалық драма театрының директоры – Әлімхан Мырзахан, туындының қоюшы режиссері – Давиде Ливермор, режиссері – Chiara Ocella. 

Екі күн қатарынан қойылған спектакль талғамы биік көрермен көңілінен шықты. Елімізге танымал Еркебұлан Дайыров, Зарина Кармен, Али Марат сынды театр әртістері жас Мағжанның, өмірге ғашық Мағжанның, елі үшін басын қатерге тіккен Мағжанның және бірнеше мәрте геноцидке ұшыраған қазақ халқының ауыр тағдырын көрерменге жеткізе білді.

Айта кетейік, премьераға арналған билеттердің бәрі сатылып кетті. Бұл – Түркістанның рухани және мәдени орталыққа айналып келе жатқанының белгісі. Түркістандағы игі өзгерістерге даңқты актер Тұңғышбай Жаманқұлов та тоқталып, жас театрдың еңбегін жоғары бағалады. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер