Еңбек жасақтары әрі табыс, әрі тәрбие

57.jpg

Түркістан облысы Созақ ауданында «Жасыл ел» жастардың еңбек жасақтары тазалық іс-шараларына белсенді қатысуда. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жасыл ел» еңбек жасақтары құрылған болатын. Мұндағы мақсат – жастардың демалыс уақытында бос жатпай, еңбек етіп, жалақы табуы ғана емес, өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбие алуы. 

Қазіргі таңда «Жасыл ел» еңбек жасағы қатарында Созақ жастары экологиялық білімді арттыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу, айналаны қоқыстан тазартып, салауатты өмір салты мен ерік-жігерді шыңдау, еңбекке баулу шараларына белсене атсалысуда. 

Бүгінде Созақ ауданында 1 жасақта 50-ден аса жас жұмыс істейді. Олардың әрбірі арнайы формамен, құрал-жабдықтармен қамтылған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер