Өтініштер тұрақты бақылауда

58 (2).jpg 

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдердің жыл бойы халықпен кездесулер өткізуде.  Жергілікті жерлерде жүргізіліп жатқан жұмыстарымен тұрғындардың хабардар болуын, билік органдарының беделін арттыруға, халықты толғандыратын проблемалық мәселелердің шешілу жолдары мен мерзімдерін бірігіп талқылауға мақсат тұтқан кездесу Жетісай ауданы Ж.Ералиев ауылдық округінде өтті.

Аталмыш кездесу алдында Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбек бөлім басшылары мен учаскелік полиция инспекторларының, округ әкімінің қатысуымен жиын өткізді. Басқосуда аудан әкімі алдыңғы тоқсанда ауылдық округте өткен кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, ішкі көшелерді орта жөндеуден өткізу, ескірген электр бағаналарын жаңарту бағыттары және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту, округтің инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды саралап, өзекті мәселелердің шешу жолдарын сөз етті. Орындалған өтініштер мен тұрақты бақылауға алынғандарын, қолбайлау болып отырғандарын талқылады.

Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанға «Жібек жолы» халықаралық пойыз бағытымен 300 турист келді
  • ІХ халықаралық театр фестивалі шымылдығын түрді
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер