Жетісайда сайлаушыларға сый-сияпаттар жасалды

59 (2).jpg

Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлы Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде орналасқан №197 сайлау учаскесіне барып, саяси науқанда өз таңдауын жасады.

«Бүгін тарихи күн. Бұл күн ел азаматтарының өз болашағы мен мемлекет басшысын таңдайтын күні. Сондықтан, әрбір қазақстандықтың, жетісайлық жұртшылықтың сайлауға қатысып, дамудың даңғыл жолын айқындайтын жауапкершілігі үлкен іс.

Шын мәнінде, ел тарихындағы ерекше саяси шараға аудан тұрғындарының азаматтық белсенділіктерін көріп, бей-жай қарап жатпағанын байқаймыз. Бәрі де ел ертеңі жарқын болуы үшін үлкен белсенділікпен дауыс беруге келіп жатыр» деді аудан басшысы.

Қазірде сайлаудың әділ өтуін Президенттікке үміткерлердің сенімді өкілдерімен қатар халықаралық бақылаушылар бақылап отыр.

Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Қожамқұл Темірбековтың мәліметінше аудандағы уақытылы жұмыстарын бастаған 75 сайлау учаскесінде дауыс беру құқығы бар 101 618 азамат тіркелген және осы сағатқа дейін ешқандай заң бұзушылық орын алмаған.

Аталмыш сайлау учаскесінде таңдау жасауға келген сайлаушыларға викториналық сұрақтар қойылып, сый-сияпаттар жасалуда.

Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер