Әкім мен тұрғындар еркін форматта пікір алмасты

60 (2).jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ түретін мемлекет» тұжырымдамасы аясында бекітілген кестеге сәйкес Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбектың кезекті кездесуі Ынтымақ ауылдық округінде өтті.

Кездесуге аудан прокурорының орынбасары Мақсат Ералиев пен аудандық полиция бөлімінің ЖПҚ бөлімшесінің басшысы Мейірман Халықов, аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары, округ тұрғындары қатысты.

Жиынды өткен тоқсанда көтерілген мәселелердің орындалуы барысымен таныстырудан бастаған аудан басшысы тұрғындардың сұрақтарына да жауап берді.

Көтерілген мәселелер бойынша Үшкөпір елді мекеніне қарасты ұзындығы 850 метрді құрайтын Бекбалаев көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сметалық құжаттамасы жасалып, қажетті қаржы көлемі анықталған. Осыған орай, 2023 жылға қаржы қарастыру мақсатында бюджеттік комиссияға ұсыныс жолданса, «Тәуелсіздікке 20 жыл» атындағы Машиналық әдіспен су көтеру каналына қарасты Жеті қазына елді мекеннен «Сүлеймен-ата» мазараты бұзулу қауіпінің алдын алу мақсатында «Қазсушар» РМК пайдалану және су пайдалану бөлімінің басшысы Ербол Салихбаев пен арнайы мамандардың және ауыл тұрғындарының қатысуымен жиын өткізілді. Жиналыс барысында машканал кешенін қайта қалпына келтіру жобасын әзірлеуге және мазаратқа баратын балама жолын қалпына келтіру шешемі қабылданды.

Ал, Әден ата елді мекеніне қарасты ұзындығы 920 метрді құрайтын Абай көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сметалық құжаттамасы жасалынып, жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттік комиссияның отырысына қаржыландыруға кезең-кезеңімен ұсыныс жолданатындығын айтқан Мұрат Болатұлы елді мекенге қарасты Қамбаров көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сметалық құжаттамасы жасалынып, қажетті қаржы көлемі анықталғанын, 2023 жылға қаржы қарастыру мақсатында бюджеттік комиссияға ұсыныс берілгенін жеткізді.

Сонымен қатар, Үшкөпір ауылында орналасқан №25 КТП «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС 2023-2027 жылдарға арналған «Қайта құру және жаңғырту бағдарламасы» аясында трансформаторы, бағаналары жаңаланып, кабелдік желі (СИП) тартылатыны, КХ-75 «Жетісай-Асықата» облыстық маңызы бар автомобиль жолының Үшкөпір елді мекенінің тұсындағы 34+700 шақырымына стандартқа сай жасанды жол кедергілерін орнату үшін сұраныс хат жолданып, бақылауға алынғандығы, «Ислам Даму Банкі» қаржысы есебінен қалпына келтірілетін 210 тік дренажды ұңғыманың 36-сының Ынтымақ ауылдық округінде екендігі айтылды.

Осы және өзге де өзекті мәселелер бойынша еркін форматта пікір алмасқан аудан әкімі кездесу соңында тұрғындарға жеке қабылдау өткізді. Мәселелерін тыңдап, заң аясында кеңестер берді. Құзіреті аясындағы айтылған өтініштердің орындалуын жауапты сала мамандарына тапсырды.

Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер