Терроризмнен қорғау талаптары түсіндірілді

61.jpg

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің мәжіліс залында террористік тұрғыдан осал обьектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды түсіндіру және әдістемелік көмек көрсету мақсатында жиын болып өтті. Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Түркістан облысының терроризмге қарсы комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес өткен шараны аудан әкімінің орынбасары Б.Полатов жүргізіп, оған ауданның дербес бөлім басшылары, қала, кент және ауылдық округ әкімдері, аудандағы террористік тұрғыдан осал объектілердің басшылары қатысты. 

Жиында Түркістан облысы әкімі аппаратының бас инспекторы Мустафа Ерлан, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайларды жою басқармасының аға инженері капитан Еламан Олжабек, Шымкент қаласының және Түркістан облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының аға инженері полиция аға лейтенанты Жақсылық Алмас, Түркістан облысы Полиция Департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Танирбергенов Мақсат жиынға қатысушыларға террористік тұрғыдан осал обьектілердің терроризмге қарсы қорғалуы бойынша қойылатын талаптарды түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Түсіндірме жиын барысында келушілер тарапынан сұрақтар қойылып, сәйкесінше жауапты мекеме басшылары тарапынан заңға сәйкес тиісті жауаптар берілді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер