Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаевтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Бұл туралы Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жиын барысында үш мәселе қаралды. Аппараттық жиынға Келес ауданы әкімінің орынбасарлары Алмас Сексенбаев, Серік Қарақұлов, аудан әкімі аппаратының басшысы Ербол Сапаров, аудан әкімі аппаратын қызметкерлері, дербес бөлім басшылары және ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде қаралған мәселелерге тоқталсақ, алғаш болып аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Азамат Мұратов аудан бюджетінің бүгінгі жайы және иегерілуі бойынша баяндама жасаған болса, жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініш, арыз-шағымдарға берілген жауаптарының 10 айдағы көрсеткіштері жайлы аудан әкімі аппаратының жалпы, ақпараттандыру және әкімшілік бөлімшесінің басшысы Ермекбай Өтешов баяндап өтті. Сонымен қатар, аудан әкімі аппаратының заң бөлімшесінің басшысы Ерлан Ибраимов арыз-шағымдарға берілетін жауаптардағы заңдылықтың сақталуы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Келес ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының 2022 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстары бойынша орталық директоры Нұрипа Темирбаева мәлімдеді. Келес ауданындағы халықтың табысын арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында, ауданда Ұлттық жобалар аясында 20 жоба ашылып, жалпы 267 азамат жұмыспен қамту шараларына қатысу жоспарланды. Сонымен қатар, жастарды жұмыспен қамту мақсатында жастар практикасын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылдың қазан айының қортындысы бойынша 552 азамат 198 өтінім берген жұмыс беруші мекемелерге жолданған. Оның ішінде 51 азамат практиканы аяқтап, 6 азамат тұрақты жұмысқа орналасқан.
Жиын қорытындысымен аудан басшысы дербес бөлім басшыларымен ауыл, ауылдық округтерінің әкімдеріне жыл басында қойылған жоспарларды орындауға нақты тапсырмалар жүктеп, орындалуын арнайы хаттамалық тапсырма ретінде бақылауға алатынын жеткізді.