Ақ халаттылар сайлауға белсенді қатысты

63.jpg

Келес ауданының бас дәрігері Бекзат Маханбетұлы Сланов аудан орталығындағы №324 сайлау учаскесіне отбасы мүшелерімен бірге келіп, өз таңдауын білдірді. 

- Конституцияға сәйкес еліміздің әр азаматының өз таңдау құқығы бар. Мен сайлауда таңдау жасау парызым деп білемін. Өйткені, болашаққа жол бастар ел басшысын сайлау, ертеңін ойлаған әрбір қазақстандықтың міндеті. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, бейбітшілігіміз мәңгілік болғай!, - деді бас дәрігер.

Айта кетейік, жалпы Келес ауданында орналасқан сайлау учаскелерінде толық медициналық бекет жұмыс жасап, шұғыл жағдайда медициналық көмек қажет болған жағдайда медицина маманымен бірге сайлау науқаны аяқталғанға дейін учаскеде болады. Аудан бойынша сайлауға қатысатын медицина қызметкері 1 394-ті құрап, жалпы 100% қатысып, өз дауыстарын елдің болашағын үшін берді.

Сонымен қатар, Келес ауданынындағы сайлау жүйесінің жұмысының толыққанды ұйымдастырылуын бақылауға, Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Орынбасарұлы Пашимов сайлау учаскелерін аралап, сайлаудың жоғары деңгейде жүріп жатқандығын көріп , оң бағасын берді.

 Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер