Келестіктер сайлауға бір кісідей қатысуда

64.jpg

Келес ауданындағы Қарабура елді мекенінің тұрғындары сайлауға бір кісідей қатысып, белсенділік танытуда. Дауыс беруге келген халықтың көңіл күйлері көтеріңкі, белсенділіктері жоғары. Сайлау учаскелеріне бірінші болып келген, сондай-ақ, осы сайлауда алғаш рет дауыс берген тұрғындарға арнайы сыйлықтар ұсынылып, қариялар тілектерін білдірді. 

Солардың қатарында 2020 жылы дүние есігін ашқан үшемдердің ата-анасы өз таңдауын жасау үшін сайлауға қатысты. Ақасыл, Нұрасыл және Бекасыл атты үшемдердің атасы, әжесі және анасы Майра Омарова өсіріп отқан ұл қыздарын жетектеп, өздері тіркелген №345 сайлау учаскесіне келді. Еліміздің болашағы үшін өз таңдауын жасаған үшемдер дүниеге келген отбасыға сайлау комиссиясы тарапынан сый-сияпат көрсетілді.

«Сайлау елдегі маңызы жоғары саяси науқан. Бұл шараға қатысу әрбір азаматтың міндеті. Балаларымыздың бірі ел басқарсын деген ниетпен бүгін сайлауға сәбилерімізді ертіп келдік, оның үстіне биыл «Сәбилер» жылы деп жарияланғаны тағы бар, осы перзенттеріміз еліміздің болашағына қызмет атқаратын азаматтар болсын деген ниетте осындай маңызды шараны көрсетуді жөн санадық», - дейді үшемнің атасы. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін айта келе, Барыс жылын "Балалар жылы" деп жариялаған болатын. Сонымен қатар, 1959 жылғы қараша айының 20-ы күні Ассамблея Бала құқықтары жөніндегі декларацияны және 1989 жылы дәл осы күні Балалар құқықтары туралы конвенцияны қабылдады. Осыған байланысты 1990 жылдан бастап бұл тарихи сәт Дүниежүзілік балалар күні болып белгіленді. 

 Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер