Түркістан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Мақсат Исаев Келес ауданына жұмыс сапармен келіп, аудан әкімідігіне қарасты дербес бөлім басшыларымен мамандарымен және ауылдық округі әкімдері, жауапты қызметкерлермен кездесіп, семинар-жиынын өткізді. Бұл туралы Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жиын барысында облыстық әдеп жөніндегі уәкіл Мақсат Шамансұрұлы Әдеп кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды және ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын түсіндірді.
- Мемлекеттік қызметшілердің оң бейнесін қалыптастыру мен нығайту – мемлекеттік жүйені дамытудың басым бағыттарының бірі. Ал, мемлекеттік қызметшілердің оң бейнесіне қойылатын негізгі талаптар мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде анықталған. Онда «Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды» деп тайға таңба басқандай көрсетілген. Әрине, мемлекеттік қызметші болу – үлкен абырой, бірақ кәсіби тәжірибемен қатар жоғары адамгершілік қасиеттерге ие болу да өте маңызды. Әсіресе, қазіргідей жаңа ақпараттық технологиялар жағдайында, - деген Мақсат Шамансұрұлы мемлекеттік қызметшілер тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.
Кездесулерді аудан әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ербол Сапаров қорытындылап, Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшінің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қоя отырып, қоғамның мемлекеттік қызметшіге сенімін жоғарылатуға бағытталғанын атап өтіп, онда мемлекеттік қызметшінің жүріп-тұруы, жұмыстан тыс уақытта, қызметтік жағдайда, халық алдында сөйлеу кезінде өзін-өзі ұстауы сияқты жалпы стандарттарға сай қызмет етуге шақырды.