Келес ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімшесі мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мамандары тарапынан Келес ауданының дербес бөлімдері, ауыл және ауылдық округ әкімдерінің мамандарына мемелекеттік көрсетілетін қызметтер, оның ішінде, «Е-лицензиялау» мемлекеттік ақпараттық жүйесінде» сапалы қызмет көрсету, одан әрі жетілдіру бойынша семинар өткізілді.
-Е–лицензиялау ақпаратттық жүйесі арқылы 21 мемлекеттік қызметтің түрі көрсетіледі. Соның ішінде тұрғындар тарапынан көп пайдаланылатын қызметтердің түріне жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту, ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді бір түрінен екінші түрге өзгерту сынды қызметтер жатады. Бүгінгі семинар жауапты мамандарға тұрғындар сұранысын нәтижелі қанағаттандыруда іркіліссіз қызмет ету үшін ұйымдастырылды, - деді аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімшесінің бас инспекторы Мақсат Мырзамұратов.
Семинар барысында, «Е-лицензиялау» мемлекеттік ақпараттық жүйесі» арқылы мемелекеттік көрсетілетін қызметтердің орындалу мерзімдерінің сақталуы, орын алған кемшіліктер кезінде атқарылатын іс-қимылдар пысықталды. Жиын қорытындысымен жауапты қызметкерлерге тиісті нұсқамалар берілді.
Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі