Келесте алты ауылға газ беріледі

67.jpg

Түркістан облысы Келес ауданына қарасты Ошақты ауылдық округінің Жиделі, Саттаров, Бақшысай, Қаратал, Атақоныс, Ынталы елді мекендерін табиғи газбен қамту жұмыстары басталып, келесі жылы аталған елді мекендердің тұрғындары табиғи газбен қамтылады. Сонымен қатар тұрғындар сұранысы негізінде Ошақты ауылдық округінің орталығы мен Береке елді мекендерінен өтетін облыстық маңызы бар автомобиль жолына «Сергек» бейнекамерасы орнатылуы бойынша жоспарға енді. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Ошақты ауылдық округінің тұрғындарымен болған кездесуде мәлімдеді. 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев апта сайын ауылдық округтерге шығып, жергілікті тұрғындармен кездесуде. Кездесу барысында елді мекендердің өзекті мәселелері айтылып, олардың шешім жолы талқылануда. Аудан басшысының төртінші тоқсандағы ошақтылықтармен кездесуінде елді мекендердің дамуы жоспары жайлы сөз қозғалып, тұрғындар сауалына жауап берілді. 

Үшінші тоқсандағы кездесуде Қоңыртөбе елді мекеніндегі Шырылдақ көшесіне шағал тас төсеу мәселесін жергілікті тұрғын сұранған болатын. Нәтижесінде аталған көшеге құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, жеңіңпаз мердігер мекеме анықталды. Тұрғындар сұранысы ағымдағы жылы қанағаттандырылатын болады. Осы секілді Бақышсай елді мекеніндегі Бақышсай көшесіне тұрғындар сұранысына сай шағал тас төсеу жұмыстары жүргізіліп, аяқталды. Ауылдық округіне қарасты елді мекендердегі ішкі топырақ көшелерге шағал төсеу бойынша жұмыстар келесі жылы кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Сонымен қатар елді мекендердегі әлеуметтік нысандар орналасқан көшелерге түнгі жарықтандыру шамдары орнатылмақ. 

Аудан басшысының Ошақты ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі жеке мәселелерін арқалап келген тұрғындарды қабылдаумен жалғасып, олардың мәселелеріне құлақ түрілді. Тұрғындар мәселесі негізінде жауапты бөлім басшылары мен ауыл әкіміне зерделеу жұмыстарын жүргізе отырып, қажетті ұсыныстарды дайындауды тапсырды. 

Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер