Кеңесші органның отырысы өтті

68.jpg

Келес ауданында пробация есебінде тұрған азаматтар және мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту шаралары жүзеге асырылуда. Келес ауданы әкімінің орынбасары, консультациялық-кеңесші органның төрағасы Алмас Сексенбаевтың төрағалығымен комиссия мүшелері және 2023 жылға тұрақты жұмыс орындарының квотасы бекітілетін жұмыс беруші мекеме басшыларының және өкілдерінің қатысуымен консультациялық-кеңесші органының отырысы болып өтті. Жыл басында белгіленген жоспар нәтижесі, алдағы жұмыстар пысықталды. Бұл туралы Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бекітілген квота бойынша биыл аудандағы жұмыс беруші мекемесіне тұрақты жұмыс орындарына 9 азамат жолданды. Бекітілген квота толығымен орындалды. Бұл туралы жиын барысында Келес ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы директоры Нұрипа Темирбаева атап өтті. 

Сонымен қатар орталық директоры ағымдағы жылдың 10 айында Келес ауданы тұрақты жұмыс орындарына квота белгілеу туралы аудан әкімдігінің қаулысының орындалуы мен пробация қызметі есебінде тұрған сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды квотаға сәйкес, тұрақты жұмыспен қамту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №728 қаулысымен бекітілген 2021-2025 жылдарға арналған бағдарлама аясындағы қолдау шараларына осы санаттағы азаматтардың қамтылуы бойынша толық баяндап өтті. 

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Келес аудандық пробация қызметі бөлімінің басшысы Н.Аширбаев аудан бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтармен 2022 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстары туралы баяндаған болса, 2023 жылға мүгедектігі бар адамдар мен пробация қызметі есебінде тұрған адамдарға тұрақты жұмыс орындарына арналған аудан әкімдігінің қаулысын бекіту үшін мекемелерге талдау жүргізу үшін мекеме басшылары және өкілдері саласындағы атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті. 

Отырыс соңында аудан әкімінің орынбасары, консультациялық-кеңесші органның төрағасы Алмас Сексенбаев ауыл және ауылдық округтің әкімдері мен халықты жұмыспен қамту орталығы пробация есебінде тұрған азаматтарға тиісті аумақтары бойынша, толық талдау жасап, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын, қажеттіліктерін аудандағы пробация қызметі бөлімімен анықтап, тығыз байланыста жұмыс жүргізіп отыру керектігін және 2023 жылға арналған аудан әкімдігінің тұрақты жұмыс орындарына арналған квота бекітіп, орындалуы бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу керек екендігін ескертті.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер