Қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді

69.jpg

Түркістан облысы Келес ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімшесімен Келес ауданы, Абай ауылындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығында» және «Халықтық кеңседе» аудан тұрғындарына қызмет көрсету сапасына қатысты зерделеу жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғамдық бақылау барысында, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» және «Халықтық кеңсе» тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жасалған жағдайы, қызмет алушыларға арналған қабылдаудың сапалы ұйымдастырылуы, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы және т.б. мәселелер қаралып, нәтижесінде бірқатар ұсыныстар мен ескертпелер берілді. 

Атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жағдай жасау, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес жұмыс істеу, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы өзекті мәселелерге көбірек көңіл бөлу, азаматтардың өтініштеріне уақытылы және сапалы қызмет көрсету тапсырылды. Бұл ретте, мемлекеттік қызмет сапасын арттыру мақсатында азаматтардың қызмет алудағы кезегін ұзақ күтуін мүлдем болдырмау және электрондық кезекті тиісті деңгейде ұйымдастыру қажеттігі ұсынылды. 

Алдағы уақытта мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелерге тұрақты түрде қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілетін болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер