Еңбек адамның мерейін асырады

72.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында «Шындықты айтсақ, шетелдерде халқымыз нағыз еңбекқор жұрт ретінде әлі таныла қойған жоқ. Бұл біздің беделімізге де едәуір нұқсан келтіреді. Қажырлы еңбектің арқасында ғана көп мәселені шешіп, мемлекетімізді дамытамыз, әл-ауқатымызды арттырамыз» деген болатын. Еңбек адамның мерейін асырып, беделін көтереді. Еңбек адамы – әлеуметтік құрылымдардың маңызды бөлшегіне айналуы тиіс. Осыған орай, еңбек адамын дәріптеуді қолға алдық. 

Бүгінгі кейіпкерлеріміз «Ленгір Тазалық» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде еңбек ететін нәзік жандылар. Қыстың аязды, көктемнің жаңбырлы, күздің суығы, жаздың аптап ыстығы демей, қаланы күл-қоқыстан тазалап жүрген жандардың еңбегі бағалы.

Мекемеде 10 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан Әріпбаева Қыздығой Әшірбайқызы, Матибаева Райхан Темирбекқызы, Умаргазиева Ирсай Ташкенбайқызы қоғамдық жерлерде тазалықты сақтап, көпшіліктің ризашылығын арқалап жүр. Таңғы сағат 8.00-ден кешкі 17.00-ге дейін өздеріне белгіленген аумақты, оның ішінде жол жиектерін, көшелерді сыпырып, қоқыстарды белгіленген орынға жинайды. Бұған қоса, абаттандыру, көгалдандыру жұмысына да көңіл бөледі. Сырт көзге оңай көрінгенмен, тазалық жұмысы үлкен жауапкершілікті талап етеді. Тазалық мекемесінде еңбек етіп жүрген аналарымыз шаңырақтың шырағы, отбасының ұйытқысы, үйдің берекесі ғана емес, қиындығы мол жұмысты аяғына дейін абыроймен атқарып келедi.

Олардың еңбегін бағалау – бәріміздің ар алдындағы, қоғам алдындағы міндетіміз. Тазалыққа тек арнайы мекеме қызметкерлері ғана емес, барлығымыз жауапты екенімізді ескеріп жүрсек, тазалық саласының қызметкерлеріне көрсетер құрметіміз болар еді.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер