Түркістан облысы Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт жауапты орынбасары және тиісті мекеме, бөлім басшыларымен бірге тұрғындарға жеке қабылдау өткізді. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тұрғындар тарапынан жолдардың қардан уақытылы тазаланып тұруы, автокөліктерге қойылған талаптардың орындалуы, адам тасымалдаумен айналысатын такси қызметтеріне қолдау көрсету, өзен арнасын ретке келтіру, ауыз су құдықтарының бетін жабу, көп қабатты тұрғын үйлердегі пәтерлердің газ құрылғыларын тексеру, ескірген электр желілерін ауыстыру, бұлақ көздерін ашу, дәріхананалар қызметі мен әлеуметтік пәтерлерге қатысты мәселелер көтерілді.
Қабылдауға алдын ала жазылған әр бір тұрғынның мәселесін ден қойып тыңдаған аудан әкімі ҚР заңнамаларына сәйкес жауап қатып, өтініш-ұсыныстар бойынша жауапты мекеме және бөлім басшысына нақты тапсырмалар жүктеді. Өтініштерді қанағаттандыру мақсатында орындалуын өз бақылауында ұстайтындығын жеткізді.