Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков Қарасу ауылдық округінің тұрғындарымен "Шаңырақ" мейрамханасының залында кездесу өткізуде. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жиында алдымен ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанында жергілікті халықтың көтерген мәселелерінің орындалу нәтижесі баяндалды.
Сонымен қатар, жергілікті ақын Тәнімгүл Шонтикова "Балауса" туындысын әкімге сыйға тартты.
Кездесу барысында басшының назарына белсенді қарасулықтар ауыл аумағынан 1200 орындыққа арналған "Жайлы мектеп" ұлттық жобасына сәйкес мектептер, медициналық мекеме, Ақбай және Қарасу елді мекендеріне спорт кешені, спорттық құрал-жабдықтары орнатылған саябақ құрылысын, Әйтеке би ауылына жолаяқ, аялдама салу, жер қойнауын пайдалушылардың жұмысын қадағау қажеттіліктері, интернет желісінің жылдамдығын арттыру, электр жарығын реттеу, жаңақұрылысқа жолға асфальт пен тас төсеу туралы бірнеше талап-өтінішін жеткізуде. Сала басшылары тарапынан барлық сұрақтарға қанағаттанарлық жауаптар берілуде.