31 Қазан күні, сағат 19:00-де, Түркістан қалалық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, кешкі уақыт кезінде жастарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында "Керуен сарай" ойын сауық кешенінің "GLOBAL COFEE" кафетериясында жастар ән кеші болып өтті.
Музыкалық кешке жиналған жастар түрлі бағытта ән шырқады. Сонымен қатар, түрлі музыкалық аспаптармен қонақтарға әуенді кеш сыйлады. Ұлттық нақышта шырқалған әндер қонақтарға ерекше ұнады. Олар орындаушылардың шырқаған әндеріне тәнті болып, әрбір орындалған композицияға ду қол шапалақпен өздерінің ыстық ықыласын білдіріп жатты. Сонымен бірге ең жақсы ұнаған әншіге гүл шоқтарын да сыйлады.
Жалпы, жастарға керекті кезде назар аудара білу, оған деген махаббатты қай жаста да көрсете білу, оның көзқарастарын ерекшеліктерін түсіне білу және уақытты тиімді пайдаланудың маңыздылығын түсінуіміз біз үшін маңызды. Өйткені жастар елдің келешегі. Қоғамның қстыны жастар. Сондықтан оларға көңіл бөлу, қамқорлық жасау мемлекет үшін өте маңызды іс. Бұл ретте елімізде жастардың білім алуына, еңбек етуіне бар жағдай жасалуда.
Ал уақытты тиімді пайдалану дегеніміз – жақсылыққа ұмтылу. Адам өміріндегі ең қымбаты – ол «уақыт». Сол себепті жастарға уақытты жаман әдеттерге жұмсатпай, осындай рухани пайдалы шараларға арнатқан абзал.
Бос уақытты тиімді өткізу болашақ жастардың тұлға болып қалыптасуына үлкен ықпалын тигізеді.
Музыкалық кеш жоғары деңгейде өткізіліп, кешке келген қонақтар жақсы әсер алып тамашалап қайтты және кеш тағыда жалғасын табады.
Жастардың уақытын тиімді өткізу мақсатында Түркістанда бұдан басқа да көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады. Оған түркістандық жастар белсене атсалысуда.