Шардара: Инфрақұрылым тарту қарқынды жүріп жатыр

91.jpg 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай 2022 жылғы 9 айда атқарылған жұмыстар бойынша есебін бастады. Кездесу Алатау батыр, Ұзыната және Көксу ауылдық округтерінде өтті. Бұл туралы Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Аудан басшысы аудан бойынша 9 айда атқарылған жұмыстарға тоқталып, кездесу өткен төрт ауылда алдағы уақытта жүзеге асатын жұмыстарды атап өтті. 

– Біздің кездесудің мақсаты– Сіздермен еркін пікір алмасып, маңызды мәселелерді талқылау. Алдағы уақытта ауылдық округтерді абаттандыру, жарықтандыру, жол салу, жаңа инфрақұрылым тарту жұмыстары қарқынды жалғасатын болады. Біз үшін әрбір тұрғынның мәселесі маңызды, – деді Қайрат Жолдыбай. 

Есеп барысында тұрғын үй салуға жер беру, жол жөндеу, әлеуметтік дүкендер ашу, азық-түлік сапасын бақылау, ағын су тарифының бағасы, жабық стадион салу, мақта бағасы, жол полициясының жұмысы, медицина мәселесі, Үкіметтен алатын дәріні ауылдарға тасмалдау мәселесі,Көксу ауылындағы мектеп ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу,жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, ағын су ақысын төлеу, жол жөндеу, шағын стадион мәселесі, дәрігер тапшылығы және басқа да әлеуметтік мәселелер көтеріліп, ұсыныстар айтылды. 

Сонымен қатар кездесулерден соң тұрғындарға жеке қабылдау өткізіліп, қосымша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Айта кетсек, аудандағы кәсіпкерлер мен шаруаларды қолдау мақсатында «Оңтүстік» АИО» ЖШС және «Ырыс» МҚҰ арқылы көктемгі дала жұмыстары үшін 173 жоба 497,2 млн. теңгеге қаржыландырылды. 

«Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы» аясында 

36 жоба 1,8 млрд. теңгеге қаржыландырылды. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер