«Халықпен тоқсан сайын кездесеміз»

90.jpg

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай 2022 жылғы 9 айда атқарылған жұмыстар бойынша есебін аяқтады. Кездесу Қоссейіт,Қ.Тұрысбеков, Жаушықұм ауылдық округтерінде және аудан орталығында өтіп, аудан басшысы 9 айда атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады. 

– Сіздермен әр тоқсан сайын кездесіп, ауданда атқарылып жатқан жұмыстар бойынша есеп беріп, елді мекендердегі жасалуға тиісті жұмыстарды қарап, әрбір тұрғынның мәселесін шешу үшін келіп тұрамыз. Атқарылып жатқан жұмыстардың баршасы Сіздердің қолдауларыңыз бен ұсыныстарыңыздың негізінде жүргізілуде. Алдағы уақытта кездесу өтіп жатқан әр елдімекендердегі тұрғындардың өтініштері ескеріліп тиісті жұмыстар атқарылатын болады, – деді Қайрат Жолдыбай. 

Есеп барысында Қоссейіт ауылынае жайлы мектеп салу, көшені жарықтандыру, аяқжол салу, ашық спорт алаңшасын салу, Қ.Тұрысбеков ауылын газдандыру, мал өлексесін тастайтын орынды жөндеу, Жаушықұм ауылындағы егістік жерлердің мәселесі, жол жөндеу, тұрғын үйлерді қайта жаңғырту мәселесі,Шардара қаласын газдандыру, ауыз су және басқа да әлеуметтік мәселелер көтеріліп, ұсыныстар айтылды. 

Сонымен қатар кездесулерден соң тұрғындарға жеке қабылдау өткізіліп, аудан әкімі қосымша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

Айта кетсек, 2022 жылдың 10 айында жергілікті бюджет бойынша салықтардың барлық түрінен 2871,2 млн. теңге түсіп, бекітілген жоспар 100,8 пайызға немесе 23,7 млн. теңгеге асыра орындалды. (Жоспар 2847,5 млн.теңге). 

Жыл қорытындысымен жоспардағы 3996,0 млн.теңге 100 пайызға орындалады деп күтілуде.

Ағымдағы жылдың 9 айында негізгі капиталға 17 613,5 млн.теңге салынып, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 133,5% құрады. 

Жыл қорытындысымен негісгі капиталға тартылған инвестиция көлемін 35,4 млрд. теңгеге, НКИ- 102,0% жеткізу жоспарланған.

 Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер