Жемқорлық-жегі құрт

89.jpg

Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың Жарлығымен 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасы бекітіліп, қолданысқа енгізілді. 

Тұжырымдамада қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыруға ауқымды іс-шаралар қарастырылған. 

Осы орайда, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен 4 топ құрылып, Сайрам ауданында кездесулер өткізді. 

Топ құрамында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Арынбаев Нұрлан Керімханұлы, департаментінің Превенция басқармасының аса маңызды істері жөніндегі офицері Үсіпбаев Бауыржан Кеңесбайұлы, осы басқарманың бас маманы Төлегенқызы Гүлмира, «Түркістан-Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі Абуова Нұржахан Ермағанбетқызы болды. 

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткен кездесуге аудан әкімінің орынбасары Бахзытбек Хасанов, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Мұрат Есалиев, қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Базарбай Айтбаев, ауыл билері, аналар және іскер әйелдер кеңесі, дін, этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен төрайымдары секілді зиялы қауым өкілдері қатысты. 

Аудан әкімінің орынбасары Бахытбек Сембекұлы жиналысты жүргізіп отырды. 

Аталған департамент басшысының орынбасары Н.Арынбаев топ құрамымен құқық қорғау органдары, халыққа қызмет көрсету, кәсіпкерлік палата, білім, әлеуметтік, адалдық алаңы, аудан әкімі аппараты, дербес бөлім басшылары, ауыл әкімдері және өзге де сала қызметкерлерімен ашық кездесулер өткізу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын назарға салып өтті.

Жиналыс барысында департамент тарапынан арнайы дайындалған бейнеролик арқылы оңтүстік өңірінде жыл ағымында сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша орын алған бірнеше оқиғаның көрінісі көпшілікке таныстырылды. Сонымен қатар, осы тақырыптың аясында баяндама оқылып, келеңсіз жағдайдан сақтану жолдары бойынша ұсыныстар айтылды. 

Жиын соңында жергілікті жердегі қоғамдық кеңестің төрағасы Мұрат Есалиев бұл мәселемен қоғам болып күресіп, әрбір азамат өзінен бастап адалдық пен тазалықты сақтаудың қажеттілігі жөнінде ой-пікірін білдірді. 

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер