Жәрмеңкеде өнімдер төмен бағада ұсынылды

96.jpg

Ордабасы  ауданының орталығы темірлан ауылында ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бағытында аудан әкімі Нұрбек Бадырақовтың тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Аталған жәрмеңкеде шаруалардың өнімдері нарықтағы бағадан төмен бағада ұсынылды.

Жыл сайын аудан орталығында ұйымдастырылатын дәстүрлі жәрмеңкеде ауыл округтерде еңбек етіп, ауданның ауылшаруашылық саласы аясында жоғары жетістікке мол өнім алуына бірден бір себепкер ауданның шаруа иелері болып табылады. 

Атап айтқанда, биыл ауданымызда 7 мыңнан астам агроқұрылым жыл басынан бері 53 млрд 818 млн теңгенің өнімін өндірген. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3 млрд 446 млн.теңгеге артық. Сондай-ақ төрт түліктің де саны артып, ет өнімдерін өндіруде де жетістіктерге жетуде. 9 айда 13 мың тоннадан астам мал және құс еті, 37 мың 861 тонна сиыр сүті, 10 млн.данадан астам тауық жұмыртқасы өндірілген.

Сонымен қатар, биыл 69 мың гектарға жуық аумаққа ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылып, олардан 476 340 тонна өнім алынды. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер