Жастар білім беру, жұмысқа орналасу кәсіпкерлік бойынша кеңес алды

Screenshot_6.jpg

ҚР Президенті Қ.К Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, қалаларда жастарға білім беру, жұмысқа орналасу және кәсіпкерлік мәселелері бойынша ақпарат және консультация беру мақсатында Түркістан облысының бөлім басшылары мен мамандарының қатысуымен жұмысшы топ құрамы келіп жастардың сұрақтарына жауап алынды.

Жиналысқа қатысқандар- Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ-нің басшысының орынбасары Баетов Ерназар Көпжасарұлы, Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Садықова Ардақ Мәдіханқызы, Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларын басшы орынбасары Мирова Күміскүл Кемелқызы қатысты.

Жиналыс барысында қойылған сұрақтар

1.Сырттай оқу білім жүйесі қашан ашылады?

2. Қазіргі таңда жастар арасында (Құрлысшы, дәнекерлеуші,механик, электрик, сәулетші, инженер т/б) елеусіз болып қалған мамандықтарын оқуға н/е игеруге жастардың құлшынысын қалай арттырамыз? Бұл мамандардың жетіспеуі жалақыға байланыстыма?

3.Соңғы Президент жолдауындағы 2.3% -дық несие туралы және тиімділігі, бағыты қандай болмақ? 

Білім саласына қатысты сұрақтар

1.ҰБТ тапсырмай, шет елдік университеттерге грантқа оқуға түсу мүмкіншіліктері жайлы ағартушылық жұмыстары, түсіндірме жұмыстары қаншалықты деңгейде өтуде.

2.Кәсіп бастау барысында нищаны қалай дұрыс таңдауға болады?

3.Бітіруші түлектерге профорентациялық жұмыс жүргізу деңгейі қандай? Неге көптеген мектеп бітіруші түлектер өздері қаламаған мамандықты оқуға мәжбүр? Жоғары оқу орнынан кейін жастар өз мамандығымен неге жұмыс жасамайды? Бұл мәселе жұмыссыздықтың бірден-бір себебі болып табыладыма? т.б сұрақтар қойлып, жауаптар алынды. Жиналыс соңы қызу талқыға ұласты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер