Елімізде киелі жерлер көп болғанымен, оның не үшін қасиетті маңызы бар екенін сырттан келген туристер түгілі, өзіміздің жастар да түсіне бермейді. Өйткені тарихи жердің атауымен бірге оның неліктен солай аталғанын, онда қандай сыр жасырынып жатқанын білу маңызды. Себебі сол арқылы өскелең ұрпақ рухани тәрбиеленеді. Тарихын білген ұлт ешқашан рухани құлдырауға түспейді. Әрбір жердің мекеннің атауы мен тарихын білген ұрпақ сол мекенді қадірлеп, қастарлеп өтеді. Әрбір тасы мен гүліне дейін қасиет көреді. Сол үшін де өскелең ұрпақтың туған жер тарихын, киелі орындарды білген маңызды. Осы орайда, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың " Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақалалық бағдарламаларында межеленген жерлерді орындау және Өлкенің кереметтері мен ғажайыптарынан нәр алған, білімді де, тәрбиелі, мемлекетшіл, елін, жерін қадірлеп, болмысымен, тарихымен мақтана алатын жастарды қалыптастыру мақсатында Бәйдібек ауданы алқабының тарихи-мәдени құндылықтарын Түркістан қаласының жастарына экскурсия ұйымдастырылды.
Жастар алдымен Аппақ Ишан мешіті медресесін аралап көрді, Шаян ауылының тарихымен танысты. Содан соң осы Бәйдібек ауданындағы Ақмешіт үңгіріне барып, сол жердің географиялық ерекшелігін тамашалады. Әсіресе жастарды аумағы бір гектардай жерді алып жатқан үңгірдің ерекшелігі таңғалдырды. Осыдан кейін жастар Домалақ ана мен Қос ана кесенелеріне зиярат жасады. Аталған кесенелердің қасиеті жайлы кең мағлұмат алды.
Бұл саяхаттың жастарға өткенін көріп ата-бабалар аруағына бас иіп имандылық қадір-қасиетін қалыптастыруға, елжандылыққа баулу да, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын қалыптастыруға берері көп болды.