​Түнгі рейд көше кезген жеткіншектерді анықтады

Screenshot_8.jpg

Түркістан қаласы ішкі саясат және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері және Түркістан қалалық ювеналды полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында беймезгіл уақытта заңды өкілінсіз жүруін анықтау барысында түнгі рейд өтті. Бүгінгі таңда мұндай шараның маңыздылығы өте зор. Себебі жасөспірімнің түнгі уақытта көше кезіп жүруі жақсы нәрсе емес. Әртүрлі жағдайға тап болуы немесе бұзақылардың соңынан еріп кетуі мүмкін. Сондықтан бірінші кезекте ата-аналар жауапкершілік танытып, балаларын түнгі уақытта үйде ұстап отырғаны абзал. Осы ретте мектептегі ұстаздарға да жауапкершіліктің салмағы артылады. Өйткені жас жеткіншектер күндіз уақытының көп бөлігін мектепте өткізеді. Бұл ретте мұғалімдер оқушыларға қоғамдық тәртіптің талаптары жөнінде түсіндіріп отыруы тиіс.  

Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түңгі 23:00 ден кейін заңды өкілінсіз көшеде немесе ойын сауық орталықтарында жүруі бойынша тексеру. Қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өршіп тұруы, ата-ананың қарауынсыз қалуы, тәлім – тәрбие мәселелерін қолға алу және келеңсіз жағдайлардың алдын алу.

Сонымен қатар іс-шара барысында жастар мен жасөспірімдерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің жаңа баптары 127-бап ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларға тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы, 441-бап жекелеген қоғамдық орында темекі шегуге тиым салуды бұзу, 442-бап кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерін еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуға тыйым салынатындығы жайлы ескертілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер