Ерікті жастар тұрғындарға өрт қауіпсіздігін түсіндірді

Screenshot_9.jpg

Түркістан қаласының 2022-2023 жылдардағы Жылыту маусымында тұрғын үйлердегі өрттің, улы газбен адамдардың улануының алдын алу мақсатында Түркістан қаласының Төтенше жағдайлар басқармасымен қажетті мекемелер және еріктілерді жұмылдыра отырып, заң талаптарына сәйкес, өрттің пайда болу қаупін азайту мақсатында қаладағы тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл ісшараның маңыздылығы ерекше. Өйткені жылыту маусымында көп жағдайда адамдар өрт қауіпсіздігіне назар аудармайды. Соның салдарынан өрт шығып адами және материалдық шығындар келтіріп жатады. Осындай келеңсіздіктің алдын алу мақсатында төтенше жағдайлар басқармасының мамандарымен бірлесіп ерікті жастар да халықпен кездесіп, өрт қауіпсіздігін сақтаудың маңыздылығын түсіндірді. Жыл сайын болатын келеңсіз жағдайлар орын алмау үшін қарапайым тұрғындар өрттің шыңу себебіне апаратын жәйттерді білу керек және соған апармауға алдын ала шаралар қарастыру қажет. Көбінесе өрттің туындауына қарапайым ғана адамдардың немқұрайдылығы кесірін тигізіп жатады.  

Жылыту маусымы қарсаңында тұрғындармен түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Аулаларды аралау және жиындар арқылы тұрғындармен жылыту құралдарын қысқы кезеңде ұзақ пайдалануға дайындау қажеттілігі, тұрмыста өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау, электр қыздырғыш және газ аспаптарын пайдалану туралы нұсқаулықтар мен әңгімелер өткізілуде.

Халықты жылыту кезеңіндегі өрттердің шығу себептері туралы мәлімет берілді, сондай-ақ азаматтарды қызықтырған сұрақтарға, атап айтқанда, электр жылытқыштардың түрлері туралы, улы газбен улануды қалай болдырмау, тұрмыстық газ жабдығын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы, сондай-ақ өрт кезіндегі іс-қимылдар туралы сұрақтарға жауаптар берілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер