"Мемлекеттік рәміздер - ұлт мақтанышым" атты кездесу өтті

Screenshot_10.jpg

Бүгінде жастарды патриоттыққа тәрбиелеудің түрлі жолдары қарастырылып келеді. Соның бірі Түркістан қаласының Ерқанат Тәңірбергенов атындағы индустриялды педагогикалық колледждің студент жастары арасында ұлттық нақыштарымыз рәміздерді насихаттау бойынша кездесу болып өтті. 

Жиналысқа- Түркістан қаласының депутаттары А.Абдуллаев және Н.Жүсіпбаев қатысып, Рәміз – бұл мемлекеттің төлқұжаты десе артық айтпаған болар едік деп сөз бастады. Рәміздерді насихаттаудағы мақсат – әрбір жас буын жеткіншектің Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының рәміздері туарлы түсініктерін қалыптастыру. Оларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Жалпы ұлттық рәміздер Тәуелсіздігімізді білдіретін басты символдар болып табылады. Шетелде де Қазақстанды егемен ел ретінде танытатын ол мемлекеттік әнұраны мен көк туымыз. Спорттық бәекеде де жеңіске жеткен спортышы айбынды, асқақ ететін ол көкке көтерілген біздің байрағымыз. Ендеше рәміздерді құрметтеу біздің бұлжымас парызымыз болуы тиіс. Сол арқылы біз мемлекетті тұрып жатқан елімізді ардақтап, құрметтеген боламыз. 

Жалпы өзіме еліміздің көк туы басқа мемлекеттердің жалауына қарағанда ерекше ұнайды. Біздің тудың стилі де өрнегі де ерекше ғой. Зеңгір көк. Көк аспанда алтын күннің астында қалықтаған қыран бүркіт. Осыдан артық қандай асқақ абырой, биік парасат бар. Нағыз еркіндіктің,азаттықтың символы ғой. Сол үшін алтын пырақты елтабаны туымызды жасаған авторларға алғысымды білдіремін. Сондықтан бүгінгі жастар рәміздердің қадірін біліп оларды құрметтеп жүруі тиіс. Туың жығылмасын деп қазақ та тегін айтпаған деді колледж түлегінің бірі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер