Бүгін Түркістан қаласының көпсалалы индустриялды- техникалық колледжінің студенттеріне сапалы білім беру - жұмысқа орналасуының басты кепілі жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жиналысқа Түркістан қаласының депутаттары Т.Мұсаев және А.Абдуллаев қатысты.
Сонымен қатар, Түркістан қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығының орынбасары Н. Қожаков өз кезегінде
жастар жұмыссыздығы қоғам дамуын тежейтін негізгі факторға жатады. Елдің ертеңі саналатын буынның екі қолға бір күрек таппай бос жүруі кім-кімді болса да ойлантуы керек.
Жасыратыны жоқ, елімізде жастарды жұмыспен қамтуды мақсат еткен мемлекеттік бағдарламалар жетіп жатыр. Дегенмен түпкі мақсаты тиімділіктен бұрын индикаторлық көрсеткіштерге қол жеткізуді, бюджеттен бөлінген қаржыны толық игеруді ғана көздейтін мұндай бағдарламалардың нәтижесі көңіл көншітпей тұр.
Әлгінде айтылған көп бағдарламаның бірі «Жастар практикасы» деп аталады. Қолына дипломын жаңадан алған жас маман жұмыссыз жүрсе, дәл осы бағдарламаның игілігін көре алады. Әсіресе, университетті немесе колледжді күні кеше тәмамдағандарды жұмысқа алуда еңбек өтілін сұрайтын жұмыс берушілердің «қатаң» сынынан тауы шағылатындар үшін таптырмас мүмкіндік бұл. Жас маман жергілікті жұмыспен қамту орталығынан жолдама алып, алғашқы жұмыс орнына аттанады. Осында 12 ай бойы ол өз мамандығының қыр-сырымен жақынырақ танысып, тәжірибе жинайды. Онысы еңбек кітапшасына жазылады. Жас маман басшылыққа бар қарым-қабілетін көрсетуге тырысады. Алайда көп жағдайда сол басшылар 6 ай бойы тегін жұмыс күші ретінде пайдаланылған жастарды өз командасына алуға құлықсыз. Біріншіден, басшылық мекемеде бос жұмыс орнының жоқтығын сылтау етеді. Екіншіден, «Жастар практикасымен» келген жастарға айлықты жұмыспен қамту орталықтары төлейді. Демек, айлық төлеп, шығын шығармай, жас маманды тәжірибеге баулитын мекеменің есебі түгел. Тіпті, оның кейбірі 12 айдан кейін қайтадан «Жастар практикасы» бағдарламасымен кадр тартуға құштар. Есебін тауып мекеменің жұмысын мемлекеттік бағдарлама арқылы келген жас мамандардың көмегімен дөңгелетіп жүргендер де жетіп артылады деп сөз қорытындылады.
Жиналыста 100-ден аса студент жастар мен оқу орындарының ұстаздары жиналды.