Жастар патриоттық әндер шырқады

Screenshot_12.jpg

ҚР Рәміздерінің 30 жылдығы аясында және 25 қазан Республика күніне орай, Түркістан қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен орта арнаулы оқу орын жастары арасында "Мен елімді сүйемін" патриоттық әндер байқауы өтті. 

Байқаудың басты мақсаты - Жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру. Нағыз патриот жас қана еліне ерінбей, халөына аянбай қызмет етіп, туған жердің көркейіп түлеуіне атсалысады. Ол осы жолда өзінің уақытын да байлығын да тіпті керек болса жанын да аямайды. Сондықтан халықты соның ішінде әсіресе жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу қоғам үшін өте абыройлы іс саналады. Ал жастың бойында елжандылық пен отансүйгіштік дәнін себетін Республика күні секілді халық үшін аса қадірлі мерекені тойлап, оның мән-маңызын адамдарға ұғындыру. Осы тұста айта кетер бір жәйт араға бірнеше жыл салып Республика күнін ерекше шаттықпен атап өту елімізге қайта оралды. Мұны тарихи әділеттіліктің салтанат құруы деп білген жөн. Өйткені елдің тәуелсіз мемлекет атанауы дәл осы күні қадбылданған тәуелсіздік декларациясымен тікелей байланысты.  

Байқау шарты бойынша жас әншілер «Отан», «Туған жер», тақырыбында ән шырқауы және еркін тақырыпта бір ән орындау бойынша сайысқа түсті.

Байқау соңында жеңімпаздар анықталып, бағалы сыйлықтар, алғыс хаттармен марапатталды.

Сайыс нәтижесінде: жүлделі бірінші орынды - А.Ясауи колледжінің студенті- Тілеуберген Ақадыл жеңіп алды. Ал екінді орынды Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжінің студенті- Тұрлыбек Ақерке иеленді. Үшінші орын Түркістан жоғары медицина колледжінің студенті- Алшынбай Нұрасылға бұйырды. Жеңімпаздардың барлығы да бағалы сыйлықтармен марапатталды. Мұндай маңызды іс-шара бұйыртса, алдағы уақытта ұйымдастырылатын болады. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер