Этносаралық татулық – мемлекет тірегі

Screenshot_18.jpg

Бүгінгі күні қоғамдық сананы, әлеуметтік саясатты жаңғырту міндеттерін айқындаған Қазақстан халқы Ассамблеясы дамуының 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданған. Осы орайда, Түркістан қаласының Ғ. Мұратбаев мектебінің оқушылары мен этносаралық кикілжіңнің алдын алу, елді дамыту мақсатында "Түркістан қалалық Чернобыль-Семей одағы" қоғамдық бірлестігінің мүшесі және Шауғар секторының басшысы Сарсенбаев Асқар Амантайұлы қатысуымен жиналыс болып өтті. Жиналыс жоғары деңгейде өткізіліп, этносаралық кикілжіңнің алдын алу, ел дамуының кепілі бағытында сөз қозғап, кеңінен талқылау жұмыстарын жүргізді.

 Еліміздің жаңа тарихының шешуші кезеңдерінде Ассамблея әрдайым тұрақтандырушы және біріктіруші рөл атқарып келеді және еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің шынайы кепілі болып қала беретініне біз сенеміз!!!

Бүгінгі таңда елімізде тұрып жатқан әрбір этнос өкілі Қазастанды өзінің екінші үйі санайды. Бұған республикада жүргізілген этносаралық татулықты нығайтуға бағытталған саяси іс-шаралар мен реформалардың нәтижесі үлкен септігін тигізіп отыр. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ҚХА кеңес мүшелерінің алдында сөйлеген сөзінде сегіз басымдық аясында тоқталып, нақты тапсырмалар жүктеген еді. Халықтың әл-ауқатын жақсартып, экономикасының көтерілуі, қоғамдағы келісім, тұрақтылық, татулық және этносаралық бірлігіміздің арқасында екенін қадап айтты.

Осы орайда біз біртұтас ел болып қуатты қоғамға айналдық, бейбіт өмір, қоғамдағы көпұлтты қазақстандықтардың ұлтаралық татулығы ынтымағының арқасындаа бой көтерді. Дегенмен, сын қатерлер аз емес жаңа белестерді бағындырып бірегей құрылым артында ел бірлігін тағыда нығайтуымыз қажет.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер