25 қазан Республика күніне орай Түркістан қаласына тарту «40 күн той мен ой» іс-шарасына сәйкес Арыс қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Ұлттық ойындар» сайысы өтті.
Байқаудың мақсаты - Жастар арасында қазақ халқының ұлттық ойынын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын дәріптеу. Сонымен қатар, ұлттық ойын түрлерін қайта жаңғырту, дамыту болып табылады.
Сайыс ұлттық ойындардың қол күрес, гір тасын көтеру, ләңгі тебу және асық ату түрлерін қамтыды. Жастар қауымы алдын ала тіркелу арқылы сайыс қатысушысы атанды. Қатысуға ниет білдірген жастар саны арқылы ұлттық дәстүріміздің дамып келе жатқанын байқаймыз.
Тартысты сайыстың нәтижесі төмендегідей болды:
Асық атудан бірнші орынды Бадиров Рамазан, екінші орынды Сәрсенбай Нұршат, үшінші орынды Османов Давлат жеңіп алды. Ләңгі тебуден бірінді орын Асанов Еділжанға, екінші орын Кененбай Арыстанға, үшінші орын Бадиров Рамазанға бұйырды. Гір тасын көтеруден бірінші орынға Баби Орынбасар, екінші орынға Саматұлы Ерсін, үшінші орынға Сламбек Нұрасыл көтерілді. Қол күресінен бірінші орын Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжі, екінші орын Халықаралық Туризм және меймандостық университеті, үшінші орын Түркістан көпсалалы медицина колледжі студенттерінің қанжығасында кетті. Сонымен бірге жүлдеге ілінген жеңімпаздар облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Е.Төлебаевтың алғыс хатымен марапатталып, Арыс қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы М.Сарыпбекованың арнайы сыйлықтары табысталды.
Ұйымдастырушылар ұлттық ойындар сайысын алдағы уақытта дәстүрлі турнир ретінде өткізіп отыруды жоспарлап жатқандарын айтады. Ұлттық ойындарды бүгінгі таңда жастар арасында насихаттау өте қажет.