Жақында Түркістан қаласындағы "Жоғары медицина" колледжінің ғимаратында қалалық жастар орталығының ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының кезекті жолдауы «Әділетті мемлекет біртұтас ұлт берекелі қоғам» тақырыбында кездесу болып өтті.
Әрбір адам қоғамда өмір сүреді. Әр қадамын қоғамда жасайды. Бүкіл тіршілігі де, іс-әрекеті де қоғамда өтеді. Жақсылықты да, жамандықты да қоғамда бастан кешеді. Адам қоғамнан қашып кете алмайды. Қоғамның жақсы не жаман болуы оның өміріне әсер етеді. Ол өзінен-өзі сол қоғамға сәйкес мінез-құлықпен өмір сүреді. Егер қоғам жақсы болса, адамның өмірі, тұрмысы да жақсы. Президентіміздің «Мен азаматтарымыздың ертең емес, бүгін бақытты болуын қалаймын» деген сөзі осыны меңзейді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан әділетті Қазақстан болады» деп кесіп айтуы халықтың және ел болашағына алаңдайтын мемлекетшіл азаматтардың көптен күткен сөзі еді. Осыған орай белгілі тарихшы, академик Ханкелді Әбжанов пен философ-публицист Әбдірашит Бәкірұлының әділетті Қазақстан жайлы ой-пікірін білген едік. Бұл сөздер жауапты орындарда отырған лауазым иелеріне ой салады деген сенімдеміз.
Жолдаудың басты мақсаттарының бірі- Әділетті мемлекет қалыптастыру туралы және болашақ жастардың әділетті мемлекет қалыптастыруға үлестерінің өте жоғары екендігін айта кете отырып, болашақ Қазақстанның тізгіні өздеріңізде болатындығын және қазіргі жастардың әр қайыссысы өз мамандығының әділ әрі шыншыл иегері болса еліміздің көркендеп жаңаруына шүбәсіз сенетіндігін нық сеніммен жеткізді. Жастардың аталған мерекеге атсалысуға, қоғаммен белсене араласуына құқықтарының бар екендігін тереңірек түсіндіріп өтті.