Әр адамның жадында ерекше естеліктермен жатталып қалған студенттік өмір ешқашан ұмытылмайды. Сәні мен салтанаты, мәні мен мағынасы мол өмірдің кейіпкерлері – оқу ордамыздың студенттері. Осы аталмыш мерекеде Қ.А.Ясауи колледжінің жастарына арналып "Қызықты көңіл, студенттік өмір" атты мерекелік іс-шарамыз атап өтілді. Студенттік өмір - адамның жастық қуаты тасып, шаршау мен уайымды білмей, ізденумен, үйренумен, танысумен, табысумен өтетін ерекше шағы.
Студенттер күнінің өзіндік тарихы да жоқ емес. Бұл көңілді жастық шақ пен романтиканың
күні болғанымен мұның тарихында көңілсіз жәйттер жатыр. Екінші дүниежүзілік соғыс кезімен байланысты бұл оқиға былай өрбіген болатын: 1939 жылдың 28 қазанында фашистердің басқыншылығында қалған Чехословакия елінің студенттері мен оқытушылары Чехословакия мемлекетінің құрылғанына бір жыл толуына орай (28 қазан 1918 жыл) шеруге шықты. Шеру кезінде басқыншылар студенттерге қарсы шығып, медицина факультетінің Ян Оплетал (Jan Opletal) есімді студентіне оқ атылды. Осы оқиғаға байланысты 17 қараша күнін Халықаралық студенттер конгресі белсенділері студенттердің атаулы күні деп белгіледі.
Білім – біздің басты қазынамыз. Халық ақыны Нұрпейіс Байғанин «Білімнен қымбат нәрсе жоқ, көңілде жатса баспай тот» деген екен. Білімді адам ғана болашаққа батыл қадам баспақ.
Біздің жастарымыз алған білімін ақылмен, өнегемен, тән мен жанның сұлулығымен, парасаттылықпен ұштастырса, нұр үстіне нұр жауар. Оқу-білім үздіксіз еңбектің арқасында ғана жақсы нәтижеге, жоғары жетістіктерге жеткізеді, - дей келе жастарымызға ...
Студенттік кезеңді мағыналы да, қызықты өткізулеріңізге тілек білдіреміз. Бастаған барлық бастамаларыңыз сәтті болсын! Студенттер күні құтты болсын! деді ұйымдастырушылар.