Алаштың ардақтысы – Нәзір Төреқұловқа арналған әдеби кеш өтті

Screenshot_1.jpg

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен тұңғыш қазақ дипломаты, көрнекті саяси және қоғам қайраткері, тілші, ғалым, Сауд Арабиясындағы Кеңес Одағының алғашқы елшісі – Нәзір Төреқұловтың 130 жылдығына орай «Алаштың ардақтысы –Нәзір Төреқұлов» атты әдеби танымдық кеш өтті. Аталмыш кешке тарих ғылымдарының докторы, профессор, Нәзіртанушы Хазрет Тұрсын, ҚР Мәдениет қайраткері, ардагер кітапханашы Раушан Сержанова, Нәзір Төреқұлов мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мейрамбек Қиқынбаев, «Оңтүстікфильм» мекемесінің директоры Райхан Нарикова, Нәзір Төреқұлов музейінің қызметкері Айгүл Исабекова арнайы қатысты.Танымдық шараны Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы директорының орынбасары Жанар Жақсылыққызы ашып беріп, кештің мақсаты мен маңызына тоқталды. 

Содан соң музей қызметкері Айгүл Исабекова қазіргі таңда музей жәдігері болып табылатын Нәзір Төреқұлов қолданған бұйымдар мен арнайы жасақталған кітап көрмесін көпшілікке таныстырып өтті. Хазрет Маханұлы өзінің Нәзір Төреқұлов жайлы дайындаған презентациясын кеш қонақтарына көрсетіп, зерттеу барысындағы қызықты әрі маңызды деректерді баяндап берді.

Ал Түркістан қаласының Нәзір Төреқұлов атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары тұлға жайлы арнайы көрініс көрсетіп, көркемсөз оқыды. Жиналған көпшілік алаштың қайраткері жайлы кең мағлұмат алды. Сондай-ақ кеш барысында «Оңтүстікфильм» мекемесінің бұдан бұрын қайраткердің 130 жылдығына арнайы дайындаған «Тұңғыш дипломат - Нәзір Төреқұлов» атты бейнефильмі көрсетілді. Аталмыш іс-шараға белсенді түрде қатысып, атсалысқан оқушыларға «Фараб» кітапханасының директоры Жанат Шардарбекованың арнайы алғыс хаты берілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер