Мемлекеттік рәміздер ұлықталды

Screenshot_2.jpg

Ағымдағы жылдың қараша айының 22 жұлдызы күні Түркістан қаласы Ерқанат Тәңірберген атындағы Индустриялды-педагогикалық колледжінің жоғарғы курс студенттері арасында “Мемлекеттік рәміздер-киелі құндылықтарымыз” тақырыбында кездесу өтті. 

Кездесудің басты мақсаты жастар арасында Мемлекеттік рәміздердің құндылығы мен маңызын түсіндіру, сондай-ақ елімізге деген патриоттық сезімдерін арттыру болды. 

Жиналысқа “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің жастарға қызмет көрсету және жастар ісі мамандары қатысты. 

Мемлекеттік рәміздер - еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Яғни қазіргі таңда ұлттар мен ұлттық мемлекеттердің нағыз өзекті мәселелері экономика, саясат, қорғаныс саласымен емес, керісінше, ұлттың басты құндылығы болып табылатын ұлттық нышандармен тығыз байланысты.

Мемлекеттік рәміздер ұлттық бірегейліктің қалыптасу тірегі және әрбір мемлекеттің дамуының ажырамас бір бөлігі болып табылады. Рәміздер тарихы алғашқы қоғамдағы тотемге табынудан бастап, кейін түркілер дәуіріндегі көк бөріге табыну, Орта ғасырдағы хандықтар мен патшалықтардың елтаңбалары мен жалаулары және теңгелеріндегі айшықты белгілерімен сабақтасады. Қазіргі кезде еліміздің мемлекеттік рәміздері оның бетке ұстар құжаты сияқты бірегей негіздері мен салт-дәстүрін айқындап көрсетеді. Көп көлемде мемлекеттік биліктің рәміздері 

кез келген мемлекеттің негізін құрайтын тұжырымдамасы - ұлттық идеяда көрініс табуы тиіс.

Кездесу еркін форматта, студент жастармен сұрақ-жауап алмасу арқылы өтті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер