Халықаралық студенттер күнін атап өтті

Screenshot_27.jpg

Әр адамның жадында ерекше естеліктермен жатталып қалған студенттік өмір ешқашан ұмытылмайды. Сәні мен салтанаты, мәні мен мағынасы мол өмірдің кейіпкерлері –Ахмет Яссауи колледжі, яғни Түркістан қаласындағы арнаулы оқу ордасының студенттері. Осы аталмыш мерекеде колледж жастарына арналып "Қызықты көңіл, студенттік өмір" атты мерекелік іс-шара атап өтілді. 

Студенттік өмір - адамның жастық қуаты тасып, шаршау мен уайымды білмей, ізденумен, үйренумен, танысумен, табысумен өтетін ерекше шағы. 

Білім – біздің басты қазынамыз. Халық ақыны Нұрпейіс Байғанин «Білімнен қымбат нәрсе жоқ, көңілде жатса баспай тот» деген екен. Білімді адам ғана болашаққа батыл қадам баспақ. Біздің жастарымыз алған білімін ақылмен, өнегемен, тән мен жанның сұлулығымен, парасаттылықпен ұштастырса, нұр үстіне нұр жауар. Оқу-білім үздіксіз еңбектің арқасында ғана жақсы нәтижеге, жоғары жетістіктерге жеткізеді, - дей келе жастарымызға студенттік кезеңді мағыналы да, қызықты өткізулеріңізге тілек білдіреміз. Бастаған барлық бастамаларыңыз сәтті болсын! Студенттер күні құтты болсын! Деді колледж ұстаздары мен аталған мерекелік іс-шараны ұйымдастырушылар. 

Жалпы Халықаралық студенттер күні (International Students' Day) 1946 жылдың 17 қарашасынан бері тойланады. Халықаралық студенттер конгресі күнтізбеде дәл осы күнді атаулы мереке ретінде белгіледі. Конгресс Прага қаласында өтті.

Студенттер күнінің өзіндік тарихы да жоқ емес. Бұл көңілді жастық шақ пен романтиканың күні болғанымен мұның тарихында көңілсіз жәйттер жатыр. Екінші дүниежүзілік соғыс кезімен байланысты бұл оқиға Гитлерлік Германияның салған жарасының нәтижесінде орын алған болатын. Тап сол күндері біраз студент гестапошылардың қолынан зардап шеккен еді. Міне осы оқиғаға байланысты 17 қараша–дүние жүзілік студенттер күні болып белгіленді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер