Жастар назардан тыс қалмайды

Screenshot_26.jpg

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында «Күшті аймақтар. Күшті Ел» тақырыбында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ел. Берекелі қоғам.» атты Қазақстан халқына жолдауы талқыланды.. Жиынға Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұжымы және оқырмандары, Қожа Ахмет Йасауи кесенесін қорғау қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ж. Алимов, Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы ғылыми орталығының төрағасы, түркітанушы ғалым З.Жандарбек қатысып, кітапхананың ақпараттық библиография бөлімінің маманы Ш.Байжигитова баяндама жасады. 

«Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын» , – деп мәлімдеді.

«Біз «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз. Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады. Қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына кепілдік береді. Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетеміз. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмектесеміз. Президент жанындағы Омбудсмен тағайындалады деген болатын Президен Қазақстан халқына арнаған Жолдауда.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Жолдауда жастар мәселесіне де айрықша назар аударған болатын. Осы тұрғыда Қасым-Жомарт Кемелұлы Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беруіміз керек. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле бермек. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді деген еді

Жиында спикер баяндамасына өз пікірін білдірген кітапхана директоры Ж.Шардарбекова Президент жолдауында қоғамымыздағы өзекті мәселелерге ерекше тоқталғанына назар аударды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер