"Қоқыссыз табиғат" атты сенбілік болып өтті

Screenshot_25.jpg

Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен 

Табиғат! Осы бір жүрекке жылы, көңілге көтеріңкі сезім сыйлайтын салиқалы да салмақты сөзде қаншама терең тұжырым, ұлағаты мол ұғым, мағыналы да мазмұны ауқымды ой жатыр десеңізші! Табиғат – тіршілік көзі. Табиғатты аялау, оған үнемі жанашырлық сезіммен қамқорлық жасап отыру ата-бабаларымыздың ұрпақтарына ұран етіп қалдырған аманаты екендігін ешқашан да естен шығармауға тиіспіз. Табиғатты қорғау біздің парызымыз, оның әрбір бөлшегі әсерлі үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес. Табиғат бізге көп әсемдігін, таза суын, көк аспанын, будақ бұлттары мен мөлдір суын береді. Таудан аққан өзен дауысы, жасыл шөптің сылдыры да ғажап сұлулық сыйлайды. Табиғаттың ғажайып әсемдігін көз алдыңа елестете отырып, өзің бір керемет сезімге бөленесің. Табиғаттың бар әсемдігін, оның әрбір сөзбен де, жазумен де жеткізу оңай емес. Оның керемет көрінісі жаныңды тебірентеді. Бұлттары мақтадай, шөптері кілемдей төселген. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де табиғатты одан әрі әсерлендіреді. Табиғатты аялау әр адам үшін маңызды.

Ө. Тұрманжанов айтқандай:

«Сүйейік, табиғатты аялайық, Біз де одан жақсылықты аямайық» деп табиғатты әр қашан аялайық!

Табиғаттың тылсым күшіне ұшырағанша, табиғаттың әсемдігін сіңірейік.

Осы ретте Түркістан жастары бүгін "Жеңіс" саябағында 200-ге жуық жастың қатысуымен ардагерлер монументін ретке келтіру және көшедегі тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді. Соның ішінде, орталық көшелер мен әлеуметтік нысандардың айналасын толық қамтыған тазалық жанашырлары қоқыс қалдықтарын шығарып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосты.

Бұл шара қала тұрғындарының табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер