"Сенім, қолдау, мүмкіндік!» тақырыбында жастармен кездесу өтті

Screenshot_24.jpg

Жақында Түркістан қаласының жалпы білім беру ұйымдарында "Сенім, қолдау, мүмкіндік!» тақырыбындағы жастармен кездесу болып өтті.

Іс-шараның мақсаты- жастарды болашақ өмірлік жоспарларына ынталандыру және шығармашылық әлеуетті дамыту.

Күн тәртібінде жастардың жұмыс және оқуға келгенде белсенділік танытпау себептерін анықтау, жастарға көмек беру және кәсіби бағдарлау түрлері, еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар, жастарды кәсіпкерлік бағытқа баулу.

Оқушының  шығармашылық қабілеттерін дамыту және оны тәрбиелеу – бүгінгі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі. Шығармашылық – бүкіл  тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкіл халықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.

Мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да ондағы білім беру ісі – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да қадірлі жұмыс. Мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқыту, қоршаған ортада дұрыс көзқараста болу, жағдайларды объективті түрде бағалап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.

Кемеңгер Абай «Адам ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларлық жүректе қайрат, байлаулылық жоқтығынан азады »-деген.   Жақсылық пен жамандықты берік ұстанатын- қайрат. Жақсы мен жаманға айла табатын- ақыл, ал соның қажеттісі- жүрек қалауы» дейтін болсақ, оқушыны жақсылыққа тәрбиелеу үшін ақыл мен қайратты тұлға бойына қалыптастыру үшін  үнемі ізденісте болуымыз керек. Осы  үшеуін оқушы   бойынан  көре алсақ «Мұғалім» деген мамандықтың ұрпақ тәрбиесіндегі алар орнын тап басып айтқан болар едік. Себебі,  қайратты, ақылды, жігерлі оқушы- біздің  еңбегіміздің  көрсеткіші.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер